Алматы облысында жол бойында шашылған жануарлардың сүйегі жұртты шошытты (видео)
Алматы облысы Қарасай ауданы тұрғындары жолдың жағасына шашылған жануарлардың сүйегін көріп шошуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгісіз хайуандардың сүйегі түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Жануарлардың қалдықтары Көлді ауылының маңындағы жол бойында шашылып жатқан көрінеді. Автор әлдебіреулер жол жиегіне жаунарлардың сүйегін тастап кетті дейді. Болжам бойынша жануарлардың тушалары ірі қаранікі болуы мүмкін.
Жергілікті жұрт, енді ол жерлерде қаңғыған иттердің ордасына айналады деп қауіптенеді. Бұл жағдай жайлы аудандық шенеуніктер де естіп үлгерген. Олар қоқыс төгіп кеткендерді іздеп жатқандықтарын жеткізді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды