Алматы облысында TikTok-шы шопан ұсталды
Талдықорғандағы дәмханада TikTok желісінде танымал болып кеткен шопан баланы полицейлер тұтқындады. Ол көрермендерімен кездесу өткізіп, карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал TikTok қолданушысын полицейлердің ұстап әкетіп бара жатқаны әлеуметтік желіде таралды.
"Талдықорғанда дәмханалардың бірінде жасөспірімдер тобы жиналған. Кейіннен анықталғандай, дәмханада Жамбыл облысының тұрғыны, танымал TikTok қолданушысы көрермендерімен кездесу ұйымдастырғаны белгілі болды", - деді Алматы облысының ПД өкілдері.
Танымал TikTok-шы шопанның ісі Жамбыл облысының полиция департаментіне жіберілген.
Бұған қоса, санитарлық талаптарды бұзғаны үшін дәмхана басшылығы жауапқа тартылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды