Алматы облысында тау бөктерінде құрғақ шөп өртенді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында тау беткейінде құрғақ шөптер өртеніп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданы, Байбұлақ ауылының маңындағы тау баурайында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 10 гектар болған.
“Төтенше жағдайлар департаментінің 17 қызметкері мен төрт техникасы, No28237 әскери бөлімінің 15 әскери қызметкері мен бір техникасы, әкімдіктің алты адамы мен бір техникасы, 12 адам мен екі орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылды”, – делінген ведомствода.
Сағат 14:30-да жеті гектар өрт аймағы сөндірілген. Елді мекенге қауіп жоқ. Ауылға дейінгі қашықтық 1 километр, тау мен ауыл арасында өзен ағып жатыр.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”