Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында такси жүргізушісі екі әйелді балаларымен бірге асуда қалдырып кеткен

Алматы облысының құтқарушылары балаларын ерткен әйел адамдарды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 ақпанда болған.

Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін жұмыс орнына қайтып келе жатқанда оларды Қонаев-Бақанас тасжолында Митцубиси Галант автомашинасының жүргізушісі тоқтатқан. Ол Бақанас ауылына барар жолда Малайсары асуында жаңбыр мен қар астында қалған 2009, 2012, 2020 және 2021 жылдары туған төрт баласын ерткен 1984 және 1991 жылғы екі әйелді көлікке отырғызып алғанын хабарлаған.

"Басқа такси жүргізушісі оларды межелі жерге жеткізбегені және осындай қолайсыз ауа райы кезінде жолда қалдырып кеткені анықталды. Құтқарушылар арнайы көлікпен әйел адамдарды балаларымен алып кетіп, түнейтін жер мен тамақ берген. Олар таңертең аман-есен үйлеріне жетті. Құтқарылған адамдар ТЖ департаментінің қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді", – делінген хабарламада.

Талқылау