Алматы облысында полицейлер жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды
Алматы облысының полицейлері 7 қыркүйекте жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды. Дәрігерлердің сөзінше, тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 қыркүйекке қараған түні Қарай ауданында ер адам полицейлерді тоқтатып, көмек сұраған.
“Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16 шақырымында орын алды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, анасы мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды”, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Дәрігерлер тәртіп сақшыларының арқасында қайғылы оқиғаның алдын алынғанын хабарлады. Жаңа туған нәрестенің ата-анасы өз кезегінде полицейлерге жеделдік пен көмек үшін алғыс білдірді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген