Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгерді
Фото: pixabay.com
Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты 08:00-ден 17:30-ға дейін өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы әкімдігінің дерегінше, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер енді 17:30-ға дейін жұмыс істейді.
"Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің түскі үзілісі 12:30-дан 14:00-ге дейін. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті сегіз сағаттық жұмыс күні толық көлемде сақталады", – делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада.
Сонымен қатар белгіленген түскі үзіліс жұмыс уақытына кірмейтіні, сондықтан Еңбек кодексінің барлық талабы сақталғаны атап өтілді.
"Алматы облысының әкімдігі және оған қарасты барлық мемлекеттік мекемелер халыққа сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр", – деп толықтырды облыс әкімдігі.
Мемлекеттік қызметкерлерге жұмысты таңғы сағат 7-де бастау ұсынылды: Бұл бастама мәжілісте көтерілді
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кейбір ұйымдардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді. Ол мемлекеттік органдар, бюджеттік ұйымдар және коммуналдық қызметтер үшін жұмыс уақытын сағат 08:30-ға шегеру нұсқалары қарастырылып жатқанын атап өтті. Әкімнің пікірінше, мұндай шешім қаладағы кептеліс мәселесін шешуге септігін тигізбек.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған