Алматы облысында "лауазымды шенеуніктердің туыстарына" заңсыз берілген жерлер қайтарылды
Алматы облысында прокуратура мемлекет басшылығының тапсырмасын орындау барысында құны 1,4 миллиард теңге болатын 114 мың гектар жерді қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мысалы, Іле ауданында жалпы ауданы 1 743 гектар болатын 10 жер телімі қайтарылды. Бұл жерлер лауазымды шенеуніктердің туыстарына заңсыз берілен", – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері аталған жерлердің жылдар бойы өз мақсатымен қолданылмағанын мәлімдеді. Мәдени дақылдар өсірілмеген, шаруашылықтарды ауыл шаруашылық малдары болмаған. Дегенмен бұл уақытта фермерлерге жайылымдық және егістік жерлері тапшы болған.
Қазіргі таңда қайтарылған жер телімдерін қоғамдық өріс ретінде қолданысқа беру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерлердің 1,5 гектары қоғамдық өріс ретінде рәсімделіп қойған. Бұл бағытта жұмыстар әлі жалғасып жатыр.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"