Алматы облысында кішкентай бала кәріз құдығына құлап, мерт болды
Алматы облысында кішкентай бала кәріз құдығына құлап мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баланы құтқару мүмкін болмаған. Бұл туралы Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Оқиға 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Кеген ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 2020 жылы туылған баланың біраз уақыт қараусыз қалып, кәріз құдығына түсіп кеткені белгілі болды.
"Бала есін жимастан көз жұмды. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан мұқият болуды және балаларды, әсіресе кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз қалдырмауын сұрайды ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда оқушы кәріз құдығына құлап, екі аяғын күйдіргені туралы жазған болатынбыз.
Кәріздегі жанып жатқан судың видеосы қостанайлықтарды шошытты
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды