Басты жаңалықтар
Алматы облысында қараусыз қалған балалар балабақшаның шатырына шыққан (видео)
Әлеуметтік желіде екі баланың терезедегі тордан өтіп, жекеменшік балабақшаның шатырына шығып алған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Тәрбиешілердің қарауынсыз қалған балалар терезеден шығып, шатырда әрі-бері жүргенін куәгерлер көріп, видеоға түсіріп алған. Болған жағдайға қатысты полиция түсініктеме берді.
“Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін мектепке дейінгі мекеме меңгерушісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы бұғаттағыштар орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етпеген қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды”, – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты