Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пышақпен шабуылдап, ұрып-соққан": Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кетті

Алматы облысында әйелді бұрынғы күйеуі ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

НеМолчиKZ қоры осындай мәлімдеме жасады. Қордың дерегінше, қазір туыстары әйелмен байланыса алмай отыр.

“Әйел мен туыстары ер адамның үстінен полицияға бірнеше рет шығамданған. Ер адам әйеліне пышақпен, шанышқымен шабуыл жасап, ұрып-соғып, азаптаған. Әйелдің 4 баласы бар. Ер адам әйелдің жұмыстан шыққанын күтіп тұрып, күштеп алып кеткен. Туыстары Іле аудандық полиция департаментіне арыз жазған”, – делінген қордың хабарламасында.


Астанада ер адам әйелді дүкеннің ішінде соққыға жыққан (видео)


Қор облыстық полиция департаментінен әйелдің қайда екенін жедел анықтауды сұрады. Сондай-ақ қор әйелді ұрлап әкеткен көліктің нөмірі бар екенін, ер адамның жеке басы анықталғанын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамның 11 жылға сотталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау