Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 37 адам мінген туристік автобус аударылып, 13 адам зардап шекті

Алматы облысы Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Көлік ішінде 37 адам болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Алматы облысы әкімдігінен

Оқиға 27 мамырда сағат 10:20-да болған. Деректерге сай автобус “Қазавтожол” желісіне жататын “Аласа” асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен.

Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы барған. Жол апаты бойынша адам шығыны тіркелмеген.

“Алматы облысының Кеген аудандық ауруханасына сағат 11: 35-те жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 5 адам, Жаланаш дәрігерлік амбулаториясына 16 адам, Шелек РБ-да 4 адам түсті. Барлық науқастар әртүрлі дене жарақатын алған. 4 науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Алматы облысында апатқа ұшыраған науқастардың барлығы дәрігерлердің бақылауында”, – делінген хабарламада. 



Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр. 

Талқылау