"45 минут күттік": Алматы метросы техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалды
Алматы метросы техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: коллаж Stan.kz
Алматы метросының "Жібек жолы" аялдамасында техникалық ақаулар орын алды деп жолаушыларды метроға кіргізбей қойған. Тұрғындар 45 минут бойы метроны күткендеріне шағымдануда.
"Сағат 22:27-де техникалық ақауларға байланысты метро жабылды", – делінген желіде тараған ақпаратта.
Алматыда метро салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырғандарға сот үкімі шықты
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Сағат 21:54-те техникалық себептерге байланысты метрополитен пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.Мамандар қажетті сараптама жүргізді. Пойыздарда жолаушылар болған жоқ, барлығы перрондарға шығарылды. Алматы метрополитені келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", – делінген ресми хабарламада.
Метро қозғалысы сағат 22:46-да қалпына келтірілген.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда метро қызметкерлері сапасыз тежегіш төсемдерінің алынғанына наразылық білдіргені туралы жазған едік.