Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Астанада өмір сүру құны жарты жылда төмендеген

Numbeo платформасында 2024 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша әр қалаларда өмір сүру құны рейтингі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

5 шілдеде Numbeo өмір сүру құны бойынша қалалардың жаңа рейтингін шығарды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 218 қала кірді. Олардың қатарында Қазақстанның екі мегаполисі де бар.

2024 жылдың басында да рейтинг шыққан еді. Ол кезде Алматы мен Астанада өмір сүру қымбатырақ болды. Жарты жылда Алматы 270-орыннан 164-орынға, Астана 289-дан 176-ға түсті, яғни арзан қалаларға жақындады.

Өмір сүру құны рейтингі алты көрсеткішке негізделген: өмір сүру құны индексі, тұрғын үйді жалдау, азық-түлік бағасы, қоғамдық тамақтану бағасы, сатып алу қабілеті. Рейтинг бойынша Нью-Йорк 100 пайыз деп бағаланды. Қалалар Нью-Йоркке жақын болған сайын қымбат болып есептеледі, демек рейтинг Нью-Йоркпен салыстырмалы түрде жүреді.

2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша, Алматы мен Астанада сатып алу қабілетінен басқа барлық көрсеткіш төмендеді. Азық-түлік немесе мейрамханалардағы тамақтану бағасы оннан бірге төмендеген. Ал сатып алу қабілеті екі қалада да, керісінше, алты айда 8 және 7% өсті.

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып қалып отыр. Ал Астана екінші орында.

Үшінші және төртінші орынды Бішкек, одан кейін Ташкент алады. Бішкек әлемдік рейтингте 197-орын және Ташкент 201-орын алды.

Numbeo деректері бойынша, өмір сүрудің ең жоғары құны Швейцарияның астанасы Женевада, ал ең төменгісі Пәкістанның Карачи қаласында. Азия бойынша Сингапур бірінші орын алды.

Дегенмен Душанбе мен Ашхабад сынды кей қалалар рейтинг енбеген, өйткені дерек аз.

Талқылау