Алматы маңында белгісіз біреулер той кезінде аспанға оқ атты
Әлеуметтік желіде бір топ ер адамның той үстінде тапаншадан аспанға оқ жаудырып жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Желіде тараған видеодан белгісіз біреулердің той үстінде көшеде, көлікте отырып тапаншадан, автоматтан аспанға оқ атқанын байқауға болады.
Алматы облысының полиция департаменті қазір оқ атқандардың кім екені анықталып жатқанын мәлімдеді.
“Алматы облысы полициясы заң бұзушыларды анықтау мақсатында қажет шаралар жүргізіп жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Әзірбайжан Арменияның әскери позицияларға оқ атқанын мәлімдеген еді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған