Алматы тұрғыны екі адамды атып тастады
Алматыда 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті фактіні растады. Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады.
"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті – 1983 жылы туған У. есімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Белгілі болғанындай, Медеу ауданына қарасты шағын аудандардың бірінде тұратын үш ер адамның арасында жанжал туындаған. 39 жастағы тұрғын травматикалық тапаншадан 1973 жылы туған Б. және 1973 жылы туған Г. есімді екі адамға оқ атты", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Полиция өкілінің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қылмысты тексеру үшін тергеу-жедел тобы құрылды.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен