Алматы әкімдігі жарықтың жаппай сөнуінің себебін түсіндірді
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, желіде кернеу төмендеп кеткендіктен, қаланың бірқатар аймақтарында жарық сөнген. Электр энергиясын қайта қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өшіру KEGOC желісі бойынша орын алған. Желідегі кернеу төмендеп, "Алатау Жарық Компаниясы" қосалқы станцияларында автоматты жиіліктік жүктемеден босату жүйелері іске қосылып жатыр", – деп хабарланды әкімдік.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жарықтың сөніп қалғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан электр желілерінде ақау байқалған.
Қазақстанда ҰБТ басталды: 100 мыңнан аса өтініш түскен
"Алатау Жарық Компаниясының" хабарлауынша, жарықтың 50%-ы қалыпқа келтірілді.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін не білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?