Тұрғындар Алматы қаласы мен бірқатар облыстарда жарық сөнгенін хабарлады
Алматылықтар қалада жарық сөнгенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың айтуынша, қаланың кейбір аймақтарында электр энергиясы жоқ. Қала ішінде бағдаршамдар істен шығып, көлік кептелісі артқан.
Сондай-ақ өзге облыстарда жарықтың сөнгені жайлы ақпарат тарауда. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары жарықтың сөніп қалғанын айтты.
Алматы қалалық әкімдігі істің мән-жайын анықтауда.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”