Алматы әкімдігі сол күйі ашылмаған дәретханаларға 64 миллион теңге артық төлеген – Сараптама
"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Алматы әкімдігінің сол күйі ашылмаған дәретханалар үшін 64 миллион теңге артық төлегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сараптама қорытындысына сәйкес дәретхана модульдегі көптеген техникалық сипаттамасына сай болмай шыққан.
"Алматы бойынша сот сараптамалары институтының тауартану сараптамасы дәл осындай дәретханалардың нарықтық құны 4 785 000 теңге екенін көрсетті. Ал әкімдік олардың әрқайсысын 7 979 954 теңгеге сатып алғанын еске салайық. Барлығы 20 дәретхана сатып алғанын ескерсек, 63 899 080 теңге біреудің қалтасына кетті", – дейді Дидар Смағұлов.
Оның сөзінше, бюджетке келген шығын бұдан да көп болуы мүмкін.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған