Досаев өзіне қарсы митинг өткізуге рұқсат берді
Алматы қаласының әкімі елімізде әкімдерді сайлауды енгізу бойынша өтетін митингті өткізуге рұқсат берді. Бұл жөнінде қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық жиын 5 ақпан күні сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында өтеді. Белсенділер Алматы қаласының әкімін халықтың өзі сайлау қажеттігін айтады.
2 ақпанда қала әкімдігі қаңтардағы тәртіпсіздік құрбандарын еске алу шарасын өткізуге тыйым салған болатын. Қала әкімдігінің жауабын белсенді Марат Тұрымбетов те жариялаған.
31 қаңтар күні Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін оның орнына Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Ерболат Досаев келген. Досаев әкім болып келмей жатып, алматылықтар қаланың жаңа басшысына қарсы петиция ұйымдастырған.
"Қаланы көркейтуге бар күшімді саламын": Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев алматылықтарға жүгінді
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады