Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев өзін Баян Есентаевадан төмен көрген желі оқырманына жауап берді

Ол артық салмағынан ұялғандықтан ұзақ уақыт бойы сахнаға шықпады, қоғамдық орындардан да көрінбеді. Алайда ақырында мақсатына жетіп, бірнеше айда 20-дан аса келі тастады. Сөйтіп тыңдармандарымен қайта қауышты. Отандық бағдарламаларға да жиі қатыса бастады.

17662601_1804043393247764_6581690609755488256_n

Жуырда Алмас Кішкенбаев Гәкку арнасының «Follow wars» бағдарламасына қатысып, өзін кемсіткен желі оқырманына жауап берді.

«Мынау туралы жазғанша Баян Есентаева туралы жазу керек еді», – деп пікір білдірген желі оқырманы Алмастың шамына тиген ұқсайды. Әнші оған:

«Біріншіден, мынау туралы дегені несі? Өзі аноним. Не деймін енді, мен туралы да жазсын. Не, тек Баян Есентаева туралы жаза бере ма? Шаршаған жоқсыздар ма Баян ханымнан? Ол сіздерден точно шаршады. Сол үшін мен туралы да жазады. Ал мынау туралы деген болмайды», – деп тіл қатты.

Жіберіп алмаңыз:

Жаңа үйге қоныс аударған Сиви мерекелік дастархан жайды (фото)

Нұржан Керменбаев бала күнгі суретін көрсетіп, жұртты бір күлдіріп алды (фото)

Үш жасар Мирас бір жылдан бері Қайрат Нұртасты жылап іздеп жүр (видео)

Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты

Талқылау