"Аллаға ғана жарасады": Бейбіт Қорған өзін ақ немесе пәк сезінбейтінін айтты
Бейбіт Қорған бойында көптеген кемшілік барын жасырмады. Айтуынша, бұл әлемде Алла ғана мінсіз бола алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ел аузында бағдарламасына сілтеме жасап.

Сурет: instagram.com/beibitkorgan/?hl=ru
«Жаман әдет бәрімізде жетеді. Өзімді ақ немесе пәк сезінетіндей жағдайда емеспін. Ешқашан олай сезінген емеспін. Өйткені өзімнің кемшіліктерімді білемін. Артықшылығымды көбінесе байқамайтын сияқтымын», - дейді Бейбіт Қорған.
Әрі қарай әнші өзін көп мақтай бергенді ұната бермейтінін жеткізді. Бұған көп мақтағанның кері әсері тиіп кетуі мүмкін деген нәрсе себеп.
«Біреулер сырт жақтан келіп «Бәке, сен осындайсың» деп мақтаған кезде айтатын бір сөзім бар. Ол – «Мақтау мен мадақтау тек Аллаға жарасады» деген сөз. Қазақта «Мақтаған қыз тойда бүлдіреді» деген аталы сөз бар», - деп сөзін қорытты әнші.
Сөз соңында ол алдағы уақытта тыңдармандарын өнерімен қуантатынын жеткізді.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады