Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алкоголь және интимді сипаттағы қызмет: Кәсіпкер Қайрат Боранбаев тергеу изоляторында заңсыз сыйлықтар алған

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Енді Боранбаев өзінің тіркелген жерінде тұрақты болып, пробация қызметінде атап өтілуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот барысында Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефонды пайдалануға және туған күнін алкогольді ішімдіктермен атап өтуге мүмкіндік берілген. Оның жиені Әбілхан Боранбаев сол үшін түрме қызметкерлеріне пара берген екен. Бұл әрекеті үшін Әбілхан 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалынан Әбілхан Боранбаев өзінің ағасына сыйлық ретінде интимдік сипаттағы қызметтерге ақы төлегені белгілі болды.

“2022 жылы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қайрат Боранбаев тергеу изоляторында бола тұрып, сыртқа шығып, Астана қаласының Алаш тас жолында орналасқан "Нұр" кафесінің жанында тоқтады. Осылайша интимдік қызметті қолданып, өзінің туған күнін спирттік ішімдіктермен атап өткен. Мұның бәрін Әбілхан Боранбаев ұйымдастырған”, – делінген сот материалында.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген болатын және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.

Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Талқылау