Алып қашып кеттім: Әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев үйленді
Нұрсұлтан Нұрбердиев көпшілікке "Жүрек алдамайды" әнімен таныс. Соңғы екі жылда бірнеше хит әндер жазды. Әндерімен тыңдарман көңілінен шығып жүрген өнерпаздың шығармашылығынан өзге жеке өмірі де жаңалықтарға толы.
Бұл туралы Опмай-опмай бағдарламасында айтылды.
Әнші бойдақтық өмірмен қош айтысып, қолына ақ құсын қондырды.
Нұрсұлтан өз тыңдарманымен бас қосты. Концертіне келген бойжеткенді бір көріп ұнатып қалған.
"Жарыммен Қызылордада таныстым. Есімі - Әсел. Қызылордаға концерт қоюға бардым. Әсел әжесімен менің концертіме келген. Мен оны сыртынан көріп қалып, танысқым келді. Көп сөйлескен жоқпыз. Мен алып қашып кеттім. Ұнатып алып қаштым. Қазір бәрі жақсы", - деді Нұрсұлтан.
Әншінің шаңырық көтергенінен әріптестерінің біразы хабарсыз болып шықты. Көпшілігі ақ тілегін арнап, құттықтап жатыр.
"Әсел екеуміз үш рет кездестік. Одан кейін алып қаштым. Жақсы таныдым деп ойлаймын", - деді әнші.
Той Алматыдағы қымбат мейрамхананың бірінде өтті. 300-ден аса қонақтың басын қосқан Нұрсұлтан той тізгінін өнердегі достарына сеніп тапсырған.
"Адамды жақсы танығың келсе, не көрші бол, не сапарлас бол, не дастархандас бол" дейді. Нұрсұлтанмен гастрольдік сапарда болдық. Бауыр ретінде өте жақсы жігіт екенін байқадым. Көңілді. Өзіндік харизмасы бар", - деп мақтауын асырды Сәкен Майғазиев.
Сәкен мырза Нұрсұлтанның жарын басып алып қашып кеткенінен хабарсыз болғанын атады.
"Қыз алып қашу қажеттіліктен туған дүние. Егер жігіттің қалың мал төлеуге шамасы келмесе қызды алып қашып кеткен. Нұрсұлтан жарын басып алып кетпеген шығар. Келісіп барған шығар. Сондықтан онда тұрған еш әбестік жоқ", - деді Өмірқұл Айниязов.