Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Таяуда ғана Вьетнамға бейтаныс бойжеткенмен аттанған Әли Оқаповты ғаламтор қолданушылары біраз талқыға салған еді. Тіпті белгісіз аруды Роза Рымбаеваның болашақ келіні деп, болжағандардың санында шек болмаған-ды! Бүгінде шет елден оралып, шығармашылыққа белсене кіріскен Әли Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, қасындағы қыздың кім екенін ашып айтты.

«Ол қызды менің құрбым деп айтуға болады. Мәдина Аманова деген қзы. Жалпы оны көпшлік таниды. Әртіс ретінде емес, сән әлемінің өкілі деп айтуға болады. Сән әлеміне байланысты шараларды ұйымдастырушы адам. Біздің дос болғанымызға біраз жылдар болды. Сондықтан неге бірге бармасқа деген шешім қабылдадық. Бұл бірінші рет емес біздің шет елге шыққанымыз. Ол бір баланың анасы. Сондықтан артық сөздердің қажеті жоқ, артық ойлардың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өйткені ол менің жай ғана досым», – дейді Әли.

Бір баласы бар келіншектің Әлимен шет елге аттануы көптің көңіліне күдік ұялатуы әбден мүмкін. Десек те сері бұл сапары жайлы құпия сақтауды жөн көрген сияқты. Алайда, шекара асқан ұлының демалысынан Роза Қуанышқызы қаншалықты хабардар? Әнш жігіттің өзінен сұрап көрдік.

«Барлығын қадағалап немесе бақылып жүреді деп айта алмаймын. Біріншіден теледидардан бөлек, әлеуметтік желі де бар ғой. Анам әлеуметтік желіні қолданбайды. Бірақ қатысты кей жаңалықтарды білетін шығар. Мүмкін біреу жеткізетін шығар. Біреуін байқамай қалатын шығар. Бірақ ешқашан да маған «Балам, осылай болып, осылай жазыпты немесе сен жайлы осылай болыпты» – деп айтпайды маған», – дейді Халық әртісінің ұлы.

Бірақ жұлдыздар жанұясында жағдайлар туындаса, Халық әртісі тұңғышымен ақылдасады екен.

«Әрине отбасымызда бір жаман нәрселер болса менімен бөліседі. Бірақ ешқашан мені сынап, сыртымнан қадағалап деген болмайды. Өйткені мен барлығын өзім шешемін. Өзімнің өміріме өзім жауаптымын. Және де мен ешқашан да анамды ренжітейтін немесе анам ренжитіндей нәрселерді жасаймаймын. Өйткені не болса да ол менің өмірім ғой», –дейді Оқапов.

Сондай-ақ, Оқапов көпшіліктің сынынан шаршағанын айтады. Осыдан 6 жыл бұрын отандық шоу-бизнеске қадам басқан Әлидің тарапына әлі күнге дейін «атақты анасының арқасында танылады» – деген кереғар пікірлер толастар емес.

«100 пайыз болмаса да мен үлкен пайызға өз-өзімді дәлелдедім. Өз орынымды таптым деп айта аламын. Өйткені менің жұмысым бар. Халықтың сүйіспеншілігіне ие болдым. Нөмірі бірінші жұлдыз болмасам да дегенмен өз жолым бар. Сондықтан сондай пікірлер қатты мән бермейтін болдым. Бір жағынан ол шын. Анам болмаса мен болмаса едім дегендей. Жасыратындай оның ештеңесі жоқ», – дейді әнші.

Әлидің сөзіне сенсек, қазіргі таңда әншінің көңіл жарастырып жүрген сүйікті қызы жоқ. Айта кетейік, өткен жылдың соңында Роза Рымбаева 2018-де келін түсіретінін айтып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берген болатын. Ал Халық әртісінің тұңғышы отағасы атануға әлі күнге дейін асығар емес!

Талқылау