Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлі де өкінемін": Мұхамедиұлы кімдерді детекторға отырғызып тексергісі келетінін айтты

Экс-министр жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін ол 3 миллион теңге көлемінде жалақы алады деген ақпарат тарады. Арыстанбек Мұхамедиұлы мұның нағыз жала екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Сурет: tobolinfo.kz

«Бұл ақпаратты желіге әдейі таратып жіберді деп ойлаймын. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, музей директоры 3 миллион теңге жалақы алады. Бұл ненің құрметіне? Мұның жалған сөз екенін түсінетіндер бар. Арасында осы сөзге сеніп, маған хабарласқандар да болды», - деді экс-министр. 

Мұнымен қатар, ол түсінбестік болған жерде немесе жалған ақпарат тараса, міндетті түрде өзіңді қорғап отыруың керегін айтты. 

«Facebook және басқа да әлеуметтік желілерге жазуыма тура келді. Әлеуметтік желіде өзіңе қатысты бірнәрсе талқыланып жатса, міндетті түрде жауап беруің керегін білемін. Иә, бірнәрсе дұрыс айтылмай қалса, міндетті түрде түсіндіру керегін ұқтым. Бұл ақпарат біржақты болып қалмауы үшін керек. Маған әртүрлі айып таққан «азаматтарды» кімнің өтірік немесе шын айтып тұрғанын тексеру үшін детекторға отырғызбағаныма өкінемін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының дұшпандары кім екенін айтқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау