"Алғашқы сынамасының нәтижесі теріс болған": Қазақстанда коронавирустан көз жұмған әйел жайлы жаңа деректер айтылды
Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған науқас ауруға Алматыда тап болуы мүмкін. Десек те эпидемиялогиялық тексеру әлі аяқталмапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің өкілдері мәлім етті.
Ресми деректерге сәйкес науқастың коронавирусқа тапсырған алғашқы сынамасының нәтижесі теріс болған.
"Нұр-Сұлтан қаласы мен аудандарында марқұм әйел 52 адаммен байланыста болғаны анықталып отыр. Бұдан бөлек әйелдің тағы 17 туысы бар. Қалғандары жедел жәрдем. емхана және аурухана қызметкерлері. Қосшы ауылында жеке үйдің аумағында карантин жарияланып, науқаспен қарым-қатынасқа түскендер басқаларынан алшақтатылып, тексеруден өтуде", - деді департамент қызметкерлері.
Науқастың денесі ауруды тарату қауіпін тудырмайды деп қосты мамандар. Десек те инфекция басқаларына жұқпауы үшін тиісті шаралар жүзеге асырады екен.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"