Алғаш рет Астанада өтетін Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Астанада алғаш рет үстел теннисінен өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды жариялады. Құрлық додасы 6-13 қазан күндері өтеді. Біздің еліміздің намысынг төмендегі спортшылар қорғайды.
- Кирилл Герасименко;
- Алан Құрманғалиев;
- Искандер Харки;
- Айдос Кенжеғұлов;
- Санжар Жұбанов;
- Сарвиноз Миркадирова;
- Зауреш Ақашева;
- Анастасия Лаврова;
- Анель Бахыт;
- Ангелина Романовская.
Айта кетейік, жүлделер ерлер мен әйелдер арасында жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда ойналады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

