Әлеуметтік желіде әнші Ұланғасыр Қамиевтің мас күйде төбелескен видеосы тарады
“Қызыл раушан” деп әндеткен танымал әнші Ұланғасыр Қамиевтің басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/ulangasyrqamiev
Әлеуметтік желіде тараған видеодан әнші Ұланғасыр Қамиевтің төбелесіп, соққыға жығылған сәтін көруге болады. Оқиға 29-шы шілде күні Жетісу облысы, Үшарал ауданында өткен тойлардың бірінде болған. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, жас әнші той қонақтарымен жаға жыртысқан.
Жетісу облыстық полиция Департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, әншінің төбелес кезінде мас күйде болғанын растады.
“Аталған дерек бойынша Алакөл аудандық полициясына ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ. Алайда, тексеріс барысында әртістің мерекелік шарада мас күйде болғаны расталды. Той халал өткен. Қазіргі уақытта құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп мәлімдеді полиция.
Бұған дейін әнші Төреғали Төреәлі заң бұзып, қапаста жазасын өтеп шыққан болатын.