Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік төлемдерді қолдан көбейтіп алған қазақстандықтарға қатысты қылмыстық іс қозғалуда

Қазақстанда әлеуметтік төлемдерді қолдан көбейтіп алғандарға қылмыстық істер тергелуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде бір ғана әлеуметтік төлемнің максималды мөлшеріне шектеу қойылмаған. Ол босану және бала тууға арналған төлемдер. Жақыпова кейбір азаматтардың төлемдерді жасанды түрде көбейту жолдарын тауып жатқанын алға тартты.

"Қазіргі уақытта 113 алушыға қатысты 16-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Және осы қылмыстардың нәтижесінде мемлекетке 158 миллион теңге залал келтірілді. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 1500 алушы өз табыстарын жасанды түрде көтергенін ерікті түрде мойындады. Осылайша, әлеуметтік сақтандыру қорының активтері 3,4 миллиард теңгеге сақталды", – деп атап өтті Светлана Жақыпова.


 


2024 жылы әлеуметтік сақтандыру қоры 950 миллиард теңгеден астам соманы 1,4 миллион қазақстандыққа төледі.

"15 облыста жүйеге қатысушыларға төленген төлемдердің көлемі әлеуметтік аударымдардан түскен қаражаттан асып кеткен. Түркістан облысында – 3,6 есе, Жамбыл облысында – 2,7 есе, Шымкентте, Қызылорда, Алматы облыстарында – 2,5 есе, Маңғыстау облысы мен Абай облысында – 2 есе артық", – деп толықтырды Жақыпова.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері өсетінін жазғанбыз.

Талқылау