"Әлемді көрсеткім келді": Әйел саяхатқа марқұм күйеуінің бас сүйегін алып шыққан

Фото: Ru.freepik.com
Қырым көпірінде турист әйел жүгінің арасынан күйеуінің бас сүйегі табылып, ұсталды. Ол марқұмның бас сүйегін өзімен бірге демалысқа алып шықпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Калининград тұрғыны марқұм күйеуімен ол тірі кезде өзара келісім жасасқан. Сүйіктісі қайтыс болғаннан кейін әйел оның қаңқасын өзімен бірге саяхатқа алып шығуға уәде берген.
Желідегі ақпаратқа сенсек, әйелде өз әрекетінің заңдылығын растайтын барлық қосымша құжаттары болған.
Егер қосымша құжаттар болмаса, тексеру қызметінің қызметкерлері оны вандализмге немесе заңсыз ағза саудасына қатысы бар күдікті деп танып, елге кіруге тыйым салуы мүмкін еді.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып