Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең жомарт ел анықталды

Жан басына шаққандағы қайырымдылық саны бойынша 2020 жылы ең жомарт ел Ирландия болды. Бұл туралы Forbes-қа сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бестікке АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Австралия да кірді. Бір жыл ішінде қайырмалдықтың бәрі COVID-19-пен байланысты болған жоқ. Жалпыға бірдей теңдік үшін күресетін ұйымдар да қолдау алды. Сонымен қатар, американдық азық-түлік қоры 2020 жылы ең сәтті қаражат жинау науқанын өткізді. Ұйым мұқтаж американдықтарды тамақтандыру үшін 44 миллион доллардан астам қаражат жинады.


Ер азамат үйін жинап жүріп, кенеттен миллионер атанып кетті 


Twitter негізін қалаушы Джек Дорси коронавируспен күресуге берілген жеке қаражат саны бойынша рекорд орнатты. Ол қазірдің өзінде осы мақсаттарға миллиард доллар бөлді. Кәсіпкер максималды сомасы бойынша да, өз мемлекетінің үлесі бойынша да ең жомарт адам аталды.

Бұл басқа танымал меценаттардың шығындарынан әлдеқайда көп. Мысалы, Билл мен Мелинда Гейтс COVID-19-мен күресуге 100 миллион доллар аударған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр