Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)
1933 жылы Перудегі Тикрапо ауылында кедей отбасында Лина Медина өмірге келеді. Ал, 5 жылдан соң ол ана атанып, тұңғышын өмірге әкеледі. Оның тағдыры әлі де әлемдегі медициналық мектептерде зерттеліп келеді. Бұл адам сенгісіз жағдай болғанымен, шын болған оқиға.
Медина 5 жасқа толғанда іші ауыратынын айтып мазасыздана бастайды. Ата-анасы оны дәрігерге қаратады. Кейіннен оның құрсағында 7 айлық сәби бары анықталады.
Сөйтіп Медина 5 жасында кесір тілігі арқылы 7 айлық сәбиді өмірге әкеледі. Мединенің бөксесі тым кішкентай болған. Оның ұлы 1939 жылы 14 мамыр күні дүниеге келді.
Мединаның ұлы толығымен дені сау болып, 2,7 салмақпен өмірге келген. Қыз ұлына өзін босандырған дәрігер Жерардоның есімін береді.
Босану кезінде дәрігерлер қыздың жыныс мүшелері толығымен жетілгенін байқаған. Бұл уақытынан ерте жетілу болып саналады. Оның етеккірі 3 жасынан бастап келе бастаған.
Жерардо анасын әпкесі екені деп ойлаған. Кейін ол 10 жасқа толғанда бар шындықты біліпті.
Мединаның әкесі біраз уақыт қамауда болды. Ол қызын зорлаған деп күдіктелген. Алайда, ешқандай айғақ болмаған соң оны босатқан. Қыздың қалайша жүкті болғаны әлі белгісіз.
Акушер Хосе Сандовал 2002 жылы қыздың толығымен дені сау болғанын, психологиялық тұрғыда да сау екенін жазған. Медина ұлымен ойнағаннан гөрі қуыршақпен ойнағанды ұнатқан екен.
Мединаның ұлы 40 жасында 1979 жылы өмірден озды. Суретте Жерардо -18 жаста, Медина – 23 жаста.
Кейін Медина Рауль Хурадоға тұрмысқа шығып, тағы бір ұл баланы өмірге әкелді. 2015 жыл 8 қараша күні көз жұмды.
Жіберіп алмаңыз:
Қытайлық әйел 64 жасында босанды
Австаралиялық әйел 63 жасында алғаш рет бала босанды
Қызы науқас 46 жастағы әйел немересін өзі босанды (фото)
Шымкентте толғағы тойда басталған келінді қайнысы босандырып алды (фото)