Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең танымал смартфондар аталды

Apple 2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша премиалды смартфондар сегментінде көш бастады. Бұл CounterPoint агенттігінің нарықты зерттеуге арналған жұмысында дәлелденді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

IPhone

Есептік уақытта дүниежүзіндегі ең танымал бес смартфонның төртеуін Apple шығарған. Үздіктер қатарында IPhone 11 көшбасшы, ол 30 пайыз үлеске ие. Одан кейін IPhone 11 Pro Max, 11 Pro және XR орналасқан, сәйкесінше 9, 7 және 6 пайызға ие болды. Топ-5-ті 3 пайыздық көрсеткішпен Huawei Mate 30 Pro 5G түйіндеді.

Аталған сегментте сатылған Apple маркалы смартфондардың жалпы үлесі 57 пайызды құрады. 19, 12 және 3 пайызды Samsung, Huawei және Oppo құрылғылары алды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, жылдың бірінші тоқсанында премиум-класс девайстарына сатылған девайстардың жалпы санының 22 пайыз үлесі тиесілі. Бұл класстағы құрылғылар өндірушілерге шамамен 57% табыс әкелді.

CounterPoint Apple мен Samsung Қытайдан басқа барлық аймақтарда көш бастап тұрғанын атап өтті. Мұнда премиум құрылғыларының ең танымал бренді - Huawei. 

Мамыр айында CounterPoint Apple, Xiaomi және Samsung смартфондары 2020 жылдың бірінші тоқсанында ең көп сатылатын смартфондар болғанын жариялады. Ең танымал құрылғы iPhone 11 болды, ол 18 миллион данамен сатылды. Екінші және үшінші позицияларда Xiaomi Redmi Note 8 / Note 8T және Samsung Galaxy A51 орналасты.

Талқылау