Әлемдегі ең келбетті ер адам анықталды
Nubia интернет-журналы бес ай бойы әлемдегі ең сымбатты ер адам туралы сауалнама жүргізді. Нәтижесінде бұл атақты актер әрі әнші қытайлық Сяо Чжань жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беруге 11 миллионнан астам адам қатысқаны және 189 елдің тұрғындарын қамтығаны нақтыланды. Чжанға 2,2 миллионнан астам адам дауыс берген. Одан кейінгі орынды оңтүстіккореялық әнші-композитор және актер Ким Тэ Хён иеленді. Үздік үштікті қытайлық актер, биші және тележүргізуші Ван Ибо жалғады.
Үміткерлер қатарында актерлер Генри Кавилл, Том Холланд және Тимоти Шаламет, әнші Джастин Бибер, футболшы Криштиану Роналду да болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"