Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бес айға созылған тойға 600 миллион доллар жұмсаған": Азиядағы ең бай адам ұлының үйлену тойын өткізді

Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің ұлы әлемнің түкпір-түкпірінен жұлдыздар мен саясаткерлерді жинап той жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP Photo / Rajanish Kakade 

29 жастағы Анант – Азиядағы ең бай адам Мукеш Амбанидің кіші ұлы. Ол Үндістанның алып фармацевтикалық Encore Healthcare негізін қалаушылардың қызы Радхикамен үйленді

CNN мәліметінше, қонақтар арасында атақты Ким мен Хлои Кардашян, әнші Ник Джонас, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр, Болливудтың көптеген жұлдыздары және Үндістанның бұрынғы президенті Рам Натх Ковинд болды.

Амбани өздерін мәртебесін британиялық корольдік әулетпен теңестіре отырып той жасаған. Үйлену тойының жалпы шығыны жүздеген миллион долларға бағаланған. Мұндай сән-салтанат тіпті Үндістанда бұрын соңды болмаған.

"Олар – Үндістандағы осындай масштабта мереке жасайтын жалғыз отбасы. Мұнда ешкімде мұндай күш пен әлеуметтік капитал жоқ", – делінген басылым жазбасында.

Guardian порталының мәліметінше, планетаның ең бай адамы ұлына жасаған тойына 600 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған. Той бес айға созылған. Бұл сома кәсіпкердің байлығының 0,5 пайызына тең.



Мукеш Амбани 2002 жылы әкесінен Reliance Industries мұнай холдингін мұра еткен. Бірлестік Үндістандағы ең ірі жеке корпорация болып саналады. Холдингтің құрамына әлемдегі ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі – Jio компаниясы кіреді. Forbes Амбанидің жалпы байлығын 123,7 миллиард долларға бағалайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, журнал кәсіпкерді миллиардерлер рейтингінде тоғызыншы орынға қойды.

Талқылау