Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлем чемпионы болу арманымды орындаймын": Головкиннің қарсыласы мәлімдеме жасады

Головкиннің қарсыласы жекпе-жек жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады. Украиналық боксшы Сергей Деревянченко орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

GGG қарсаңында 5 қазан күні Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Боксшылар орта салмақта IBF-тің бос титулы үшін таласады.

"Менің командам маған орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласу үшін тағы бір мүмкіндік бергеніне өте қуаныштымын. Мен Головкинді қатты құрметтеймін және мен мұндай сынаққа дайын екенімді дәлелдегім келетінін және әлем чемпионы атану арманымды орындай алатындығымды сеземін. Madison Square Garden аренасына келгендер DAZN-нің керемет шайқасын көреді.Мен рингке шығуды асыға күтудемін", - деді Деревянченко.

Өткен жылдың қазан айында Деревянченко IBF титулын жеңіп алуға тырысқан болатын, бірақ америкалық Дэниэл Джейкобстен жеңіліп қалды. Мамыр айында белдік тағы да иесін өзгертті - Джейкобс Альварестен ұтылды.

Ал украиналық Джек Кулкайды жеңіп, тағы да IBF үшін міндетті талапкер болды. 

Талқылау