Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен бокс кешінде жеңіске жетті
2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Алматыда өткен "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: IBA
"Adal Promotions" промоутерлік компаниясының боксшысы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өткен "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасып, жарқын жеңіске жетті. 80 келі салмақта сынға түсетін былғары қолғап шебері доминикандық боксшы Луис Антонио Техеданы төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. 8 раунд бойы қарсыласын қуалап жүріп ұрған Бекзат Техеданы нокаутқа түсіре алмады.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдаулетов соңғы жекпе-жегінде (6-0, 2 KO) Астанада өткен "Чемпиондар түні IBА" - "Astana Arlans" турнирінде жеңіліп көрмеген ресейлік Никита Зонды (7-1-1, КО 5) ұтқан еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

