Александр Бублик мансабындағы төртінші ATP титулын жеңіп алды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 сериясы турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалда АТР рейтингінде 27-орында тұрған қазақстандық хорватиялық Борна Коричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Матч 2 сағат 18 минутқа созылды. Кездесу барысында Александр 19 эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Бұл 26 жастағы Александр Бубликтің мансабындағы төртінші титул.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің екінші кезеңіне шыққаны туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

