Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
2021 жылғы 13-15 сәуірдегі Қазақстанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа температурасының жоғарылауы байқалады.
"Жақын күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Нәтижесінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз сипат алады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың кей аймағында тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", - дейді синоптиктер.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды