Алдағы уақытта елімізде жанармай бағасы өсе ме - Энергетика министрі жауап берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензинге қатысты маусымдық дефицит болатынын мойындады. Ол жанармайдың елімізге импортталуына байланысты оның бағасына әсер ететінін айтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі “Обожаю” Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, үкімет АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинін Ресейден импорттайды (285 000 т). Сондай-ақ Сәтқалиев авиакеросинді (300 000 т), битумды (300 000 т) және дизель отынын (850 000 т) сырттан әкелетінін жеткізді.
Бірақ ол АИ-95 маркасынан басқа жанармай түрлерін толық алдырмағанын айтты.
- Астанаға дизель және бензинмен жүретін көліктердің кіруіне шектеу қойылмақ
- "Ресейдікі ең мықты": Энергетика министрі Қазақстанда АЭС-тің салынуына қатысты пікір білдірді
“Бұл біздің зауыттар тұрақты жұмыс істеп тұр дегенді білдіреді. Импорт бағасы айтарлықтай әсер ететіні түсінікті. Егер дизель отынының бағасы 295 теңге болса, Ресейден келетін баға 440-400 теңге болады. Бұл тұтынушылар алатын соңғы бағаға әсер ететіні түсінікті”, – дейді министр.
Сәтқалиев әзірге жанармай бағасын өсіру жоспары жоқ екенін айтты.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"