Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауын жауады
Синоптиктер елімізде 5-7 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың болжамынша, алдағы күндері нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Циклон мен атмосфералық фронттар еліміздегі ауа райына әсерін жалғастырып, соның салдарынан жаңбыр, күшті екпінді жел және оңтүстікте найзағай күтіледі.
«Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында циклон орталығының өтуіне байланысты кей жерлерде нөсер жауын жауып, сондай-ақ күздің негізгі сипаты ретінде тұман тұтуы болжанады. Осыған байланысты түнгі және таңғы сағаттарда көріну қашықтығы 200-500 метрге дейін нашарлайды», - дейді синоптиктер.
Республиканың батыс аймақтарына антициклон ығысып, соның әсерінен жаңбыр басылады. Ал Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-6°С төмен сақталады.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту