Қазақстанда демалыс күндері ауа температурасы жоғарылайды
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайтынын айтады.
"Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты, тыныш және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фонның 8....16- ға дейін, күндіз 25....33-ға дейін, Батыс және оңтүстік аймақтарда түнде 12....20-ға дейін, күндіз 28....36-ға дейін көтерілуі болжануда. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ