Алан Құрманғалиев Португалияда өткен жарыстың жеңімпазы атанды
Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Реал қаласында өткен WTT Youth Contender жарысында бірінші орын жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз турнирде 17 жасқа дейінгілер арасында үздік атанды.
16 жастағы спортшы жарыс аясында испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужораны жеңген.
Жарыс қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиев алтын медаль иеленді.
Жасөспірімнің қорқынышты суреттері көпшіліктің назарын аударды: Психолог ата-аналарға ескерту жасады
Жағдайды жасөспірімнің әпкесі желіде баяндап, кеңес сұрады
Қарағандыда 2 жасар баланың басына мәдениет үйінің кірпіші құлап, қаза тапты: Анасы нысанның әлі жұмыс істеп тұрғанына наразы
Сабина: "Ғимараттың кірпіштері үгітіліп, құлап жатыр"

