Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби көшесінде есіктері айқара ашық, музыканы бар даусына қойған көлік көзге түсті

Жол ережесін бұзғандар

Фото: Видеодан скрин

Алматының Әл-Фараби даңғылында көліктің есіктерін ашып, музыканы бар даусына қойған жүргізушінің әрекеті бейнекамераға түсіп қалды. Ол полиция назарына ілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес бұл таңғы сағат 04:00 шамасында болған жағдай. Жүргізуші көліктің алдыңғы екі есігі айқара ашып, музыканы қатты қойып, жүріп өткен. 

Видеоны көрген желідегілер көліктегілердің жан-жағындағы адамдардың мазасын алып қана қоймай, жолдағы адамдардың өміріне қауіп төндіргенін жарыса жазды. Сондай-ақ тыныштық сақтап, басқаларды құрметтеуге шақырды.

Жол ережесін өрескел бұзғандардың видеосы полиция қызметкерлерінің де назарына ілікті. 

“Аталған дерек бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар міндетті түрде анықталып, жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді ведомсвто.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2026 08:23