Тараздық оқушы төбелестен кейін көзінен айырылды

Видеодан скриншот
Тараз қалалық орта мектебінде төбелес кезінде 10-сынып оқушысы көзінен айырылды. Төбелес үзіліс кезінде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарақат алған балаға ота жасалды. Отбасының айтуынша, жағдайы ауыр.
"Дәрігер көзін бөлшек-бөлшекпен құрастырғанын айтты. Ең болмағанда жұмыс істеуі үшін. Ол алдағы 10 күн өте маңызды екенін айтады. "Инфекция миға жетпесін деп тілеңіздер. Баланың миы шайқалған, контузия алған. Көзі ағып кеткен және көз түбі толығымен шығып кеткен”, – деді анасы Зухра Каримова.
Оқиға ұлдардың киім ауыстыратын бөлмесінде болған.15 жастағы Дамирді 9-сынып оқушылары алып келген көрінеді. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрларға қарағанда, әңгіме бірден төбелеске ұласқан.
ОқыңызЗардап шегушінің досы көмектесуге тырысқанымен, оны ұстап тұрғанын айтады. Сол кезде Дамирді басынан ұрған. Десе де ол киім ауыстыратын бөлмеден өз бетінше шыға алған.
Мектеп оқушысына ота жасалды, алайда бала есін жоғалтқан.
Баланы ұрғандардың қолынан темір затты байқап қалды. Полиция оқиға бойынша іс қозғады.
"Ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды, оны уақытша ұстау изоляторына қамау шаралары қабылданып жатыр”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген