Оқушылар сабақ кезінде карта ойнаған: Түркістан облысында мектеп директоры қызметінен босатылды

Видеодан скрин
Түркістан облысында сабақ кезінде оқушылар карта ойнағаны үшін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіге таралған оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Атышулы жанжал жаппай кадрлық ауыс-түйіспен аяқталды.
11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырған сәтте, бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жағдайға назар аудармай, телефонмен сөйлесіп отырған.
ОқыңызАртынша білім басқармасы жүргізген тексерістен кейін оқу орнының басшылығының басым бөлігі қызметінен айырылғаны белгілі болды.
“Мектеп директоры тараптардың келісімімен жұмыстан босатылды, ал оқиғаға жол берген педагог өз еркімен қызметінен кетті. Сондай-ақ тәрбие ісі және оқу ісі жөніндегі орынбасарлар да қызметтерінен шеттетілді”, – делінген ақпаратта.
Карта ойнаған жоғары сынып оқушыларының ата-аналары да жауапкершіліктен тыс қалмады. Оларға ресми түрде ескерту берілді.
Еске салсақ, білім бөлімі жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізіліп, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданатынын мәлімдеген.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты