"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды
"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы басшысы Азамат Шайхы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: fc-akzhayik.kz
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында "Ақжайық" ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
Тергеу жалғасуда.
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойылғанына шағымданды
Айта кетейік, Азамат Шайхы “Ақжайық” футбол клубының директоры қызметінен 2022 жылдың маусым айында өз еркімен кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап "Ақтөбе" футбол клубын басқарды.
Еске салсақ, бұған дейін оралдық "Ақжайық" футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлері 6 айдан бері жалақы алмағаны туралы жазған едік.
Астанада пайдаланылмайтын велосипедтер сатып алу үшін миллиардтаған қаржы жұмсалған: Әкімдік не дейді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр
Шымкентте тұрғын жаңа әуежайда намаз оқитын орын жоқ екеніне шағымданды
Ер адам: "Мынау зал, намазды маған осы жерде оқуды ұсынып отыр”