Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Жәния Джуринская екінші перзентін дүниеге әкелді

Танымал актриса, блогер Жәния Джуринская екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

Өнер иесі 2022 жылдың маусым айында Сафия есімді тұңғыш қызын дүниеге әкеліп еді. 

“Біздің әлемге қош келдің, ұлым. Рақмет саған махаббатым", – деп жазды актрисаның күйеуі. 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілегін жолдап жатыр. "Бауы берік болсын", "Қандай күшті жаңалық. Дені сау, болашағы зор азамат болып өссін", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Мықты азамат болсын", "Ата-анасының мақтанышы, әпкесінің қорғаны болып өссін", "Жәния, Данияр құттықтаймыз! Балапандарыңның қызығына тоймай жүре беріңдер", – деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Айта кетейік, актриса “Қыз туа беретініңізге күйеуіңіз ренжімей ме?” деген сауалға жауап берген еді. 

Бұған дейін Жәния Джуринская күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойды. Айтуынша, күйеуінің қанында қазақтың қаны жоқ екен. “Дүнген араласқан ұйғыр. Әкесі – ұйғыр, анасы – дүнген” деп жауап берген еді өнер иесі. 

 

Талқылау