Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Әлия Әнуарбек алғаш рет күйеуінің неден көз жұмғанын айтты

Қазақстандық актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) алғаш рет күйеуінің неден көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актриса Тимур Балымбетовке арнайы сұқбат берді. Әңгіме барысында күйеуімен қалай танысқанын, махаббат хикаясы және өмірдегі ең қиын сәт - одан айырылған кезі туралы сөз қозғады.

Әлия мен Азамат 2014 жылы үйленді, олардың екі қызы бар: Алиша (5 жаста) және Амели (2 жаста).

2019 жылдың соңында Әлияның жұбайы өзін нашар сезінген. Азамат тексерілген, сол кезде онкомаркерлердің жоғарылағанын білген. МРТ-дан, биопсиядан өткен соң өт жолдарының қатерлі ісігі бар екені анықталды.



Актрисаның айтуынша, 2020 жылдың ақпан айында Германияда күйеуінің бауырының шамамен 80 пайызын алып тастаған. Операциядан кейін Азамат тез қалпына келген, рак клеткалары кеткен.

"Ол сау адам болып шықты. Дәрігерлердің өздері таң қалып, адамның өмірін құтқарғанына қуанды", - деді Әлия Ануарбек.

Уақыт өте келе Азаматтың денсаулығы қайтадан нашарлай бастаған. Актрисаның отбасы оны химияның жанама әсерлері деп ойлаған. 

Сол кезде олар отбасымен Дубайда болған. Сонда қайтадан МРТ жасады. Дәрігерлер бүкіл денеде метастаздар пайда болғанын айтқан.

"Германиядағы дәрігер оның жарты жылы қалғанын айтты. Химия оған көмектеспейді, ол тек қолдау көрсетіп, өмірін ұзарта алады. Мен дәрігерден бұл туралы жұбайыма айтпауды өтіндім. Еңсесі түседі деп қорықтым. Бірақ дәрігер оған айтқан. Осылайша, жұбайым бұл шындықты менен жасырды. Мен одан жасырдым. Біз бір-бірімізді ренжітуден қорқатынбыз. Әркім өзі үшін мүмкіндік жоқ екенін білді", - деп бөлісті Әлия.

Азамат 2020 жылдың 17 қыркүйегінде көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр