Ақтөбеде итке таланған баланың денесі табылды
Ақтөбеде итке таланған 12 жастағы баланың денесі табылды. Ұл баланың мәйітін қаладағы Есет батыр тұрғын үй алабынан полицейлер анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жеткіншектің мүрдесі 9 маусымда табылған. Болжам бойынша, баланы иттер талап тастауы мүмкін.
"Кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары бар мәйтінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда баланы қандай жануардың талағаны анықталуда. Аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Ақтөбе облысының ПД өкілдері.
Оқиғаға қатысты Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов пікір білдірді.
"Болған жағдайға байланысты ата-анасына барып, көңілін сұрап келдік. Есет батыр тұрғын үй алабы үшінші шағын ауданда орналасқан. Баланың денесі кеше табылды. Облыстық ПД тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық және гистологиялық сараптама жасалып жатыр. Бұл 10-15 күнге созылады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен облыстық ПД бастығы істі бақылауға алды", – деді ол.
Ақтөбе маңында қаңғыбас иттер тұрғынның үй құстарын қырып тастаған